Әйел мен бала да қатысқан: Атыраудағы жаппай төбелестің видеосы жарияланды

0
473

10 адам полиция бөліміне жеткізілді.


Әйел мен бала да қатысқан: Атыраудағы жаппай төбелестің видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Атырауда мейрамханада жаппай төбелесе қатысқандардан суық қару тәркіленді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қаңтарда сағат 05:10 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы Темірханов көшесінің бойындағы мейрамханада жанжал шығып, 10 адам полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ төбелеске бір кәмелетке толмаған жеткіншек пен бір әйелдің қатысқаны анықталды», - делінген хабарламада.

Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

«Олардан қару тәркіленіп, құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды», - делінген хабарламада.