Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясына 792 828 қазақстандық дауыс берді.
"Ақ жол" партиясы парламент мәжілісінің жетінші шақырылымына өтетін 12 депутаттың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.
Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттар келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
1. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
2. Әбілдаев Азамат Рахатұлы
3. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы
4. Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы
5. Ерубаев Серік Сәрсенұлы
6. Еспаева Дания Мәдиқызы
7. Жұмабаева Айгүл Қызырқызы
8. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы
9. Линник Андрей Григорьевич
10. Өмірғали Ерлік Хайдарұлы
11. Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы
12. Сембинов Азат Талғатұлы
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды.
Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясына 792 828 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 12 депутаттық мандат алды.