Ақмола облысында автожолдарға 11 блокпост қойылды

0
745

24 шілдеден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді, ол локдаун аяқталғанға дейін әрекет етеді.


Ақмола облысында автожолдарға 11 блокпост қойылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының аумағында блокпостар тәулік бойы қайтадан жұмыс істей бастайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аймақта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін 24 шілде күні 00:00-ден бастап Ақмола облысында карантиндік шаралар енгізілді, ол локдаун аяқталғанға дейін әрекет етеді.

Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады, мұнда 6 пост бар, 7 мобильді топ жұмыс істейтін болады. Зеренді және Ерейментау аудандары да кіретін жол жабылады. Мұндағы бақылау-өткізу пунктері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аймақ аумағында 11 блокпост пен 10 мобильді топ жұмыс істей бастайды. Мұнда 100-ге жуық полиция қызметкері қызмет етеді.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің облыстағы рекреациялық және курорттық аймақтарда карантиндік іс-шараларды күшейту туралы қаулысы шыққан болатын. Басқарма қызметкерлері азаматтарды уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға және аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту үшін ережелерді қатаң сақтауға шақырады.