Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

0
829

​Балалардың бірі оқиға орнында қаза болды, екіншісі елордадағы қалалық ауруханаға жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында екі бала трактордың астына түсті. Салдарынан 8 жасар ұл оқиға орнында көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Трагедия 6 қыркүйек күні Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында болды.

"Балалар ауыл ішімен келе жатқан шөп тиелген трактордың тіркемесіне шығып, құлап, доңғалақтың астына түсті. Салдарынан 8 жасар ұл оқиға орнында жантәсілім етті. Бес жасар қыз Нұр-Сұлтанның қалалық ауруханасына жеткізілді. Қайғылы оқиға кезінде жүргізуші сау болғаны анықталды", - деп мәлімдеді полиция департаментінен.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сараптама тағайындалды.

Полиция ауылдық елді мекендерде тұратын ата-аналардан егін ору науқаны кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.