Амал мерекесінде Ақтауда жүкті әйелдерге арналған ұлттық нақыштағы босану бөлмесі пайда болды. Заманға сай бейімделіп жасалған орында енді перзенттер өмірге келмек.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласына ұлттық нақыштағы босану бөлмесі дайындалды, деп жазады Экспресс К.
Талайдан бері келе жатқан идея амал мерекесінде толық іске асырылған. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жапырақ Епенованың сөзінше, мұнда бәрі үй жағдайына жақын етіп дайылып отыр. Бұл бөлме жүкті әйелдердің босануын жеңілдетіп, оларға психологиялық тұрғыдан септігін тигізбек.
"Палата жылы, босану бөлмесіндегі әрбір зат маңызды. Арқан, бесікке жақын ана, қазан. Осы заттармен байланысты өте қызықты сенім бар. Қайын ене немесе шеше әйелді босануға шығарып салғанда, отқа қазан қойып, жаңа отбасы мүшесінің дүниеге келуіне арнайы дайындалған ет салады. Ет піскен кезде әйел босанады деген сенім бар. Мұны "жарыс қазан" деп атайды, толғақты жеңілдетеді, әйел оңай босанады, содан кейін босанған әйелге сорпа мен етті әкеліп береді деген наным бар. Қазір фастфуд әкеліп жатыр, ертеде осылай жасалатын", — дейді облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жапырақ Епенова.
Палатаның ортасында төбеден арқан түсірілген. Яғни, бұл толғағы қысқан әйелдің босануын жеңілдетуге оң әсер етеді. Қабырғаға салынған домбыра, бесік жанында жаңа босаған ана — мұның бәрі өте символдық және босанған әйелдің тыныш, жайлы жағдайда босануына әсет ететін көрінеді.