Ақтауда бортсерікпен жанжалдасқан ер адамға үкім шықты

0
125

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Ақтауда бортсерікпен жанжалдасқан ер адамға үкім шықты

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп жазады zakon.kz.

Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 20 сәуірде сағат 00:10 шамасында Ақтау қаласының әуежайында,ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзып, ұшақтың борт серігімен жанжалдасып, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамға жат мінез-құлық көрсете отырып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және оның асырауында 5 баласының барын ескеріп, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

"Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды",- деп үкім кесті сот.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.