Төрешіні балағаттаған Самат Смақов 4 ойыннан шеттетілді

0
106

Бұл шешім ҚФФ-ның бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысында қабылданды.


Төрешіні балағаттаған Самат Смақов 4 ойыннан шеттетілді

Фото: http://kazfootball.kz/

ERNUR.KZ. Футболдан талдықорғандық "Жетісу" командасының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасының алдағы 4 ойынына қатыспайды, деп жазады inbusiness.kz.

Смақов Қазақстан Премьер-лигасының V турындағы "Ордабасы" мен "Жетісу" кездесуінде бас төрешіге тіл тигізіп, әдепсіз сөздер айтқан.

Айта кетсек, аталған кездесуде талдықорғандық клуб қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Қазір турнир кестесінде бес ойыннан кейін 3 ұпаймен 11-орында келеді.

Самат Смақов "Жетісу" командасы бас бапкері қызметіне өткен жылдың желтоқсан айында келді. Оған дейін Бірінші лигада Семейдің "Елімай" клубына жетекшілік жасаса, одан кейін "Астана" клубының спорттық директоры қызметтерін атқарды