Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

0
113

Сәденов министрлік марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.


Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов жазды.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жамбыл облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады", - делінген Сәденовтің жазбасында.
Сәденов министрлік марқұмның отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сондай-ақ Сәденов экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаевтың тезірек сауығып кетуін тілектестік білдірді.