Ақтауда ер адам тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

0
592

Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Ақтауда ер адам тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған ер адам қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 12 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында 16-шы шағын ауданда орын алды. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Ол "Керемет" тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі жетті.

«Аталған дерек ҚК-тің 105-бабына сәйкес Ақтау қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген қалалық полиция басқармасының хабарламасында.