Ақтауда кісі қағып өлтірген Toyota Land Cruiser көлігін әйел адам жүргізген.
ERNUR.KZ. Алдын ала мәліметтер бойынша, Маңғыстау полиция департаментінің баспасөз қызметі оның сау болғанын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
Полиция әлі де сараптаманың ресми қорытындысын күтіп отыр. Ведомство өкілі 29 жастағы әйел мен 5 жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші 42 жаста екенін айтты.
Әйел қайғылы оқиға орнында, ал бала облыстық балалар ауруханасында қайтыс болғаны белгілі болды. Дәрігерлер қыздың өмірі үшін 1,5 сағат күрескенін айтты.
"Қыз өте ауыр жағдайда түсті: жабық бас сүйек-ми жарақаты, іш жарақаты, асқазанның, бауырдың, көкбауырдың жарылуы, ішкі қан кету, геморрагиялық және травматикалық шок. Балаға шұғыл түрде ота жасалды. Көкбауыр алып тасталды, бауыр, асқазан тігілді. Қан құйылды. Бірақ жасалған шараларға қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады", - деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Құрман Қайранов.
Әйел 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Еске салайық, 20 желтоқсанда 16-шы және 19-шы шағынаудандар арасында қайғылы оқиға болғаны хабарланды. Полиция 23.45-те қоңырау түскенін мәлімдеген еді.