Ақтауда коронавирустың жаңа «Еta» штамы анықталды

0
552

Екі тұрғынның «Eta» штамын жұқтырғаны белгілі болды.


Ақтауда коронавирустың жаңа «Еta» штамы анықталды

ERNUR.KZ. Ақтауда коронавирустың жаңа түрі анықталды, деп жазады 24.kz.

Екі тұрғынның «Eta» штамын жұқтырғаны белгілі болды. Қазір олар тіркеуге алынып, емделіп жатыр. Короновирустың бұл түрі 2020 жылдың желтоқсанында Нигерия мен Ұлыбританияда шыққан. Мамандардың айтуынша, жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, жөтел қысады. Науқас дәм, иіс сезбейді. Бірақ, өте ауыр өткереді.

Айта кетейік, жаңа штамм сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Нұрсұлтан қалаларында да анықталды. Ал дүниежүзі бойынша «Eta» штамы 77 елде тіркелген.

" Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуы бойынша, коронавирус инфекцияға ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында короновирус инфекциясымен ауырған науқастардан оң зертханалық үлгілерді жүйелеу арқылы генетикалық зерттеу жүргізілді. Сол зерттеудің барысында жаңа штамптың пайда болғаны анықталды. Маңғыстау өңірі жасыл аймаққа еніп отыр. Бұл эпидемиологиялық жағдайымыздың тұрақтануы. Дегенмен Маңғыстау тұрғындары мен қала қонақтарына айтарым, әлі де болса карантин талаптарын, яғни бетперде тағып жүру, қоғамдық орындарға барғанда әлеуметтік арақашықтықты сақтау, жеке қол гигиенасын сақтап, карантин талаптарын қатаң сақтауды сұраймын", дейді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, Мәдина Рахметова.