Ақтауда полиция коронавирус жұқтырған адамның жезөкшелермен байланысын жасырған

0
914

Коронавирус ошағына айналған жезөкшелер ордасының тағы бір сұмдығы ашылды


Ақтауда полиция коронавирус жұқтырған адамның жезөкшелермен байланысын жасырған

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақтауда коронавирус жұқтырған адамның жезөкшелермен байланысын жасырғаны анықталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Маңғыстау облысы бойынша департамент облыстық прокуратурамен бірлесе Полиция департаменті лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Олар жезөкшелікпен айналысу үшін Ақтау қаласы аумағында притон желісін ұйымдастыруда шетел азаматтарына қамқорлық жасап келді деген күдікке ілінді», - деді Қ. Жапақов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, карантин режиміне қарамастан, полиция қызметкерлері притондардың құқыққа қайшы қызметінің жолын кесуге негізделген шараларды қабылдамаған. Осы орайда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның жезөкшелікпен айналысқандармен тікелей байланысы фактісін жасырғандары анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі парақорлық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, жезөкшелік притондарын ұйымдастыру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туралы ақпаратты жасыру фактілері бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

Қабылданған шаралар арқылы 87 адам оқшауланды. Олардың арасында притондарда жезөкшелікпен айналысқандар да бар. Тексеру барысында екі шетелдікте коронавирус инфекциясы анықталды.