Ақтауда «Жұмыс іздеушілер клубы» ашылды

0
2 850

Мамандар түйіндеме жазудан бастап, электронды еңбек биржасынан жұмыс іздеуді үйретеді


Ақтауда «Жұмыс іздеушілер клубы» ашылды

ERNUR.KZ. Ерекше жобаның мақсаты – екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға түрлі бағытта көмек беру, деп жазады 24.kz.

Мұндағы мамандар түйіндеме жазудан бастап, электронды еңбек биржасынан жұмыс іздеуді үйретеді. Үкіметтік емес ұйым ашқан клубтағы оқу курсы тегін жүргізіледі. Ақтау қаласының тұрғыны Людмила Вербидская жарты жылдан бері жұмыс таппай үйінде отыр. Қанша әрекеттенсе де ыңғайлы жұмыстың реті келмепті.

«Жұмысқа орналасу үшін тәжірибе ғана емес, айналаңмен тіл табысу, өзіңді көрсете білу сияқты қасиеттер де қажет. Сондықтан да қазір клубтаға арнайы курсқа жазылдым», - дейді екі баланың анасы.

Людмила Вербидская, қала тұрғыны: Мен қазір психолог сияқты көптеген мамандардан дәріс алып жүрмін. Мұнда жұмыс берушімен әңгімелесу кезінде өзіңді қалай ұстауды, жұмысты қалай іздеуді, түйіндеме жазуды, бәрін-бәрін үйретіп жатыр. Тренингтің арқасында өзіме ыңғайлы жұмыс тауап аламын деген сенімдемін. Жаңа ашылған клубтың мүшелері сонымен қатар тігін тігіп, массаж жасауды және аспаздықты үйренеді.

«Курсты бітіргендігі жөніндегі сертификатпен жұмысқа орналасуға болады», - дейді ұйымдастырушылар.

Қытай Құсайынова, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры: Кей азаматтарды жұмысқа орналастыру өте қиын. Сондықтан да бұл іске үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыруды жөн көрдік. Қазір жұмыс іздеуші азаматтарды тіркеу egov.kz порталы арқылы жүргізілетінін білесіздер. Ал тұрғындардың көпшілігі электронды тіркелуді білмейді. Бұл клубта мамандар мұның бәрін үйретеді. Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығына 6 мың адам көмек сұрап келген. Оның 40%-ы жастар. 4 мыңға жуығы жұмысқа орналасты. Негізінен мұғалім, дәрігер мен ІТ саласының мамандарына сұраныс жоғары.