Ақтаудағы жағажайда жасөспірім суға батып кетті

0
766

Оқыс оқиға 30 маусым күні кешкісін болған.


Ақтаудағы жағажайда жасөспірім суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ақтаудағы жағажайда жасөспірім суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Реаниматологтар қанша әрекет жасаса да, оны ажалдан аман алып қала алмады. Оның денесін полицейлер мәйітханаға жеткізген.

Оқыс оқиға 30 маусым күні кешкісін болған. Суға түскен үш бозбала жағажайдан алшақтап кеткен. Олардың бірі жағаға жүзіп келіп, туыстарына екі жолдасының суға батып бара жатқанын жеткізген.

Жағажайдағылар көмекке асыға аттанды. Жасөспірімдердің бірін тауып, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жіберген. Ал екіншісін табу үшін іздеу жұмыстары ұзақ жүргізілген. Тек кешкі 19:50 шамасында құтқарушылар оның денесін судан алып шықты.