​Ақтаулық жезөкшелер моншада қызмет ету үшін қулық ойлап тапқан

0
1 766

Әйел ұсталған күні клиенттерінің біріне бірден екі жезөкшені жеткізген. Ол үшін әйел 6 мың теңге көлемінде ақша алған.


​Ақтаулық жезөкшелер моншада қызмет ету үшін қулық ойлап тапқан


ERNUR.KZ. 43 жастағы әйел жеңгетайлықпен айналысып, қылмыстық істің фигуранты болды, - деп жазады tengrinews.kz.

"Әйел Приморский ауылындағы моншалардың бірінде жұмыс істеген, сондай-ақ, ол клиенттерге ойын-сауық ұйымдастырумен айналысқан. Ер адамдарға жас жезөкшелерді ұсынып отырған. Полицейлердің кез келген уақытта келіп қалуы мүмкін екенін білген ол жезөкшелерге "Кешір" деп жазылған хабарлама жіберген. Сол кезде жезөкшелер бірден баняға қарай келген", - деп жазады Tumba.kz басылымы.

Кейінірек полиция өкілдері әйелдің қалай табыс тауып жүргенін анықтады. Басылымның мәліметінше, әйел ұсталған күні клиенттерінің біріне бірден екі жезөкшені жеткізген. Ол үшін әйел 6 мың теңге көлемінде ақша алған. Осылайша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша сотталды.

"Сотталушы кінәсін толықтай мойындады, өз ісіне өтініп, қатаң жазаланбауын сұрады. Соттың үкімімен ол шартты түрде бір жылға сотталды", - деді судья Марет Ковраева.

Әйел адам енді пробациялық бақылауда болады, сондай-ақ, оған белгілі бір жерлерге баруға, полицияға ескертпей мекенжайы мен жұмыс орнын ауыстыруға тыйым салынды. Мұнымен қоса, оның осыған дейін сотты болғаны айтылады.