Облыстық төтенше жағдайлар қызметі қажетті көмек көрсетіп жатыр.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы аумағында «Самара-Шымкент» жолы бойында жолаушылар автобусы бұзылып, жолда тұрып қалған. Автобус ішінде 54 Өзбекстан азаматы мен 3 жүргізуші болған, деп жазады 24.kz.
Жолаушылар сол маңдағы Сарытоғай ауылына жеткізіліп, кемпингке орналастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекті қажет етпеген. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі қажетті көмек көрсетіп жатыр.