Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 6 адам мерт болды

0
454

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.


Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 6 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

30 шілде күні сағат 23:30-да Ырғыз ауданы Қалыбай аулының манында Самара – Шымкент автожолының 1046-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Адам шығыны бар.

Honda Jazz автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Қырғызстан Республикасының азаматы қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada Largus көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, Honda Jazz автокөлігінің жолаушысы ЖКО орнында көз жұмды, сондай-ақ, Honda Jazz автокөлігінің жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауылының аудандық ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.