Тағы екі адам ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жантүршігерлік қол-көлік апаты болып, екі адам қаза тапты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 мамыр күні сағат 00.10 шамасында Ақтөбе – Астрахань тасжолында болған.
«Байғанин ауданының 40 жастағы тұрғыны отбасымен бірге Renault Duster көлігімен келе жатып, жолдың 248-ші шақырымында жол жиегінде тоқтап тұрған IVECO жүк көлігіне келіп соғылған. Қатты соққыдан Renault Duster көлігі жүргізушісінің 41 жастағы әйелі мен 3 жасар қызы оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Жүргізушінің өзі 2005 жылғы кәмелетке толмаған ұлымен бірге жансақтау бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.