Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді

0
321

Мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды.


Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді

ERNUR.KZ. Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауыл аманаты» бірегей жобасы аясында Ақтөбе облысында 2700-ден астам кәсіпкер қолдау тауып, өз кәсібін ашты. Екі жыл ішінде өңірге жалпы сомасы 15 млрд теңгеден аса үш транш бөлінсе, бүгінде барлық сома толығымен игерілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды. Тағы құс шаруашылығы бағыты бойынша 598 жоба – 2,4 млрд теңгеге, өсімдік шаруашылығындағы 233 жоба – 1,2 млрд теңгеге жүзеге асырылды.

1 113 ШОБ нысаны ашылды, 71 бірлескен кооператив және 2 014 жұмыс орны құрылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 93,3 млн теңге мөлшерінде салық түсімдері түсті.

Ауыл кәсіпкерлерінің дамуына қуатты серпін берген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өтінім қабылдау әлі де жалғасуда. Осы қараша айында 2,9 млрд теңге бөлінбек.