Ақтөбеде әлеуметтік орталық қызметкерлері балаларды ұрып-соққан

0
560


Ақтөбеде әлеуметтік орталық қызметкерлері балаларды ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Ақтөбе қалалық прокуратурасына №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қызметкерлердің балаларды ұрып-соққаны туралы хабар түсті. Тексеру кезінде дерек расталды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қалалық прокуратура таратқан мәліметке сүйенсек, хабарлама түскен соң прокурорлар қорғаншылық және қамқоршылық органы, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы өкілдері, полиция және медицина қызметкерлерін ертіп, тексеру жүргізді.

«Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы № 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің балаларды ұрып-соғу фактісі анықталды. Осы факті бойынша Ақтөбе қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолдады»,- деп жазылған хабарламада.