Күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
фото: "Ақтөбе таймс"
ERNUR.KZ. Ақтөбе тергеу изоляторында балаға азғындық жасады деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, - деп жазады tengrinews.kz.
Күдікті өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. ҚАЖД мәліметінше, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
"Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде тергеу-қамауға алынған, 16 жасқа толмаған балаға азғындық жасады деген күдікке адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.