Ақтөбеде балалардан 240 миллион теңгеден аса қаржы жымқырылған

0
261

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу деректерін анықтады.


Ақтөбеде балалардан 240 миллион теңгеден аса қаржы жымқырылған

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысындағы бала-бақшаларда бюджет қаражатын заңсыз талан-таражға салған, деп жазады tengrinews.kz.

Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандары прокуратуралары мектепке дейінгі мекемелерде 240 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын талан-таражға салу деректерін анықтады.

"Бюджет қаражаттары жұмысшыларға қосымша сыйлықақы беруде бюджеттік өтінімдерді негізсіз жоғарылату арқылы иемденiлген. Бақылаусыз өзгерістер енгізіліп, оның ішінде басшыларға сыйлықақы беру туралы бұйрықтарға сомаларды асыра көтерген. Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырылған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

"Осы қаражаттар ешқандай негізсіз есепшінің немесе бала-бақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған. Аудан прокуратураларымен аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 бала-бақша меңгерушілері мен 4 есепшілеріне қатысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) соталды тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.
Барлық көрсетілген деректер бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.