Ақтөбеде коронавирус жұқтырған оқушы ауруханада жатыр

0
2 421

Бүгінге дейін облыста коронавирус жұқтырудың 4098 жағдайы тіркелген.


Ақтөбеде коронавирус жұқтырған оқушы ауруханада жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 9-сынып оқушысы инфекциялық ауруханада ем алып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Өткен тәулікте Ақтөбеде 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ақтөбе қаласы мен Алға, Мұғалжар, Хромтау, Темір аудандарының тұрғындары дерттің симптомды түріне шалдыққан. Аурушаңдықтың өсу деңгейі 0,3% құрайды.


«Өткен тәулікте Мұғалжар аудандық ауруханасындағы хирургия бөлімінде медбикеден коронавирус инфекциясы анықталды. Ол дәрігерлер бақылауына алынды», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары Мұхтар Сербаев.


Қазіргі кезде облыс бойынша барлығы 752 адам үй карантинінде жатыр. Соңғы кезде өңірде өсім байқалады.


«Қазіргі кезде инфециялық ауруханаларда 89 науқас бар. Оның 10-ы жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында балалар да бар. Қазір 18 бала үй карантинінде жатыр. Бір оқушы инфекциялық ауруханада. 9-сынып оқушысының жағдайы жақсы. Ол бір аптадан соң үйіне шығарылады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.


Бүгінге дейін облыста 4098 жағдай тіркелді. Оның 95 пайыздан астамы жазылды.