Ақтөбеде полицей атын жамылған жігіт жасөспірімнен ақша бопсалаған

0
527

Полицейлер 22 жастағы күдіктіні ұстады.


Ақтөбеде полицей атын жамылған жігіт жасөспірімнен ақша бопсалаған

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жалған полиция қызметкері жасөспірімнен суық қару сатқаны үшін ақша бопсалады, деп жазады zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 жасар жігіт кастет тауып алып, оны сатуға бел буып, ВКонтакте желісінде хабарландыру жариялаған. Оған сатып алушы жауап беріп, кездесу ұсынған.
"Кездесуде сатып алушы өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, суық қаруды саудалағаны үшін ақша бопсалауға кіріскен. Қорқып кеткен жас жігіт ұялы телефонын ломбардқа өткізіп, алаяққа 133 000 теңге берген", – делінген хабарламада.

Полицейлер 22 жастағы күдіктіні ұстады.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі