Ақтөбеде террорлық шабуыл кезінде жарақат алған полиция қызметкеріне баспана берілді

0
962

Полицей ұзақ мерзімді емдеу-сауықтыру шараларынан өткенімен, бұл қызметке әзір жарамсыз болып отыр.


Ақтөбеде террорлық шабуыл кезінде жарақат алған полиция қызметкеріне баспана берілді

ERNUR.KZ. Ақтөбеде денсаулығы жарамай жұмыстан кеткен полицей баспаналы болды, деп жазады 24.kz.

Әлібек Жетіғарин 2016 жылдың маусым айында террорлық шабуыл кезінде ауыр жарақат алған еді. Қару-жарақ дүкеніне бірінші жеткен полиция қызметкерінің оң қолына оқ тиген. Ұзақ мерзімді емдеу-сауықтыру шараларынан өткенімен, бұл қызметке әзір жарамсыз болып отыр. Лаңкестік оқиғасында ерлік көрсеткен Әлібек «Ерлігі үшін» медалімен де марапатталды. Бұрынғы әріптестерінің қазіргі жағдайы туралы білген облыстық Полиция департаментінің ұжымы бір күндік жалақыларын жинап берген. Жиналған 7 млн теңге ем-домға жұмсалады.

Әлібек Жетіғарин, қала тұрғыны:

- Денсаулығым жақсы, 1-2 күн аралығында оңалту орталығынабарып ем аламын. Қазір бәрі дайын, шақырып жатыр. Қызым бар, 4 жаста. Бұйыртса, тағы екінші кішкентайды күтіп отырмыз.