27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтуі керек еді.
Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары, сондай-ақ, "Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесші - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Оның айтуынша, Италия премьер-министрі енді қашан келетінін тараптар келіседі.
"Италия тарапының өтініші бойынша Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және "Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті оның Рим Папасы Франциск қайтыс болуына байланысты аза тұту іс-шараларына қатысуына байланысты шегерілді. Мерзімдері қосымша хабарланады", - деді Руслан Желдібай.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды.
27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтуі керек еді.