30 Қаңтарда Заречный-2 ауылындағы үйлердің бірінде ұрлық жасалды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
Полиция мәліметінше, 30 Қаңтарда Заречный-2 ауылындағы үйлердің бірінде ұрлық жасалды. Белгісіз адам үйге кіріп, жатын бөлмеден 340 мың теңге, екі ноутбук, күзен тон және алтын алқаны ұрлап кетті. Жәбірленуші залалды 4,1 млн теңгеге бағалады.
Көп ұзамай полицейлер жәбірленушінің 35 жастағы жүргізушісін ұстады. Күдікті өз ісін мойындады және ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп жібергенін айтты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.