Ақтөбедегі оқушы өлімінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

0
572

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылындағы қылмыстық оқиғаны тергеу жұмысын облыс прокуроры Х.Дәуешов жеке бақылауына алды.


Ақтөбедегі оқушы өлімінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Қопа ауылындағы оқушы өлімінен соң мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал кәмелетке толмаған екі күдікті екі айға қамалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Бас прокурорының тапсырмасынан соң Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылындағы қылмыстық оқиғаны тергеу жұмысын облыс прокуроры Х.Дәуешов жеке бақылауына алды.

"ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталды. Темір аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Қадағалауды жүзеге асыру тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді. Облыстық прокуратура жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық Білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін шешу жөнінде ұсыныс енгізді. Бүгінгі күні қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.