Ақтөбедегі тікұшақ апаты: министрлік негізгі себебін атады

0
263

9 қарашада Мәртөк ауданындағы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырады.


Ақтөбедегі тікұшақ апаты: министрлік негізгі себебін атады

фото: Пресс-служба МЧС Казахстана

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбедегі тікұшақ апатының негізгі себебін атады, деп жазады sputnik.kz.
9 қарашада Мәртөк ауданындағы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырады. Бортта үш адам болған. Оның біреуі апат болған жерде көз жұмды.
“Қазіргі кезде тергеу шаралары жүріп жатыр. Тікұшақтың қандай жағдайда апатқа ұшырағаны анықталады. Әртүрлі нұсқа бар, бірақ негізгісі - техникалық ақау”,- деді Жазықбаев сенатта өткен баспасөз мәслихатында.
Қорғаныс министрінің орынбасары апатта қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстарына көңіл айтты.