Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.
Фото: pexels
Ведомство ақпаратына сүйенсек, күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.
"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды",- делінген ақпаратта.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.
"Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Қазақстанның бірқатар қаласында "жалған полицейлер" ұсталғаны хабарланған болатын.