Алдағы күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

0
371

29-31 шілде аралығында ауа температурасы жоғарылайды.


Алдағы күндері 41 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады.

30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады.

Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ауа температурасы көтеріледі. Күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін ыстық болады.