Алдағы үш тәулікте ауа райы салқындайды

0
492

Елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде ауа температурасына скандинавиялық антициклон ықпал етеді.


Алдағы үш тәулікте ауа райы салқындайды

"Қазгидромет" орталығы мамандары 10-12 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Метеорологтар мәліметі бойынша, оңтүстік циклон Қазақстан аумағынан әлі шыққан жоқ. Сондықтан алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер болады. Жел екпіні күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ оңтүстікте құмды дауыл соғады деп күтіледі.
"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде ауа температурасына скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Соған байланысты ауа температурасы түнде 2-10 градустан, күндіз 15-20 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде 7-18 градусқа дейін, күндіз 22-35 градусқа дейін төмендейді. Елдің батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23, күндіз 25-37 градус жылы болады", - делінген хабарламада.