"Алдауды доғарсын...": Блокбекетте болған жол апатына қатысты тың дерек шықты

0
885

Әлеуметтік желіде "Сергектен" түсірілген суреттер жарияланды.


Facebook қолданушысы Шамшархан Өмірзақов Алматыда блокбекетте болған жол апаты түсірілген видео кадрларын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Айта кетейік, осыған дейін екі полицейдің өліміне кінәлі BMW жүргізушісінің 6 жыл полицияда қызмет еткені белгілі болған еді.

"Алдауды доғарсын...
Оның әкесі де полицей, жақында ғана зейнетке шықты. Әкесінің есімі - Талғат, Алматы қалалық полиция департаментінде жұмыс істеген. Ол неге жалаңаш болды? Формасын әдейі шешіп қойған болар? Неге бұл жағдай дәл блокбекетте болды? "Сергек" жұмыс істеп тұрған жоқ па? Оны BMW-дан формасымен алып шыққан шығар? Оның полицияда жұмыс істейтінін жасыру үшін істелген шығар. Сурет таптым, қазір жариялаймын. Міне "Сергектен" түсірілген сурет, жоғарыдан түсірілген. Бұл суретті қарғалар фотоаппаратқа түсіріп алды деп ойламаймын", - деп жазған ол.