Алғашқы үкім: Алматыда қаңтар қырғынында қару-жарақ ұрлағандар сотталды

0
957

Бүгінде Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.


Алғашқы үкім: Алматыда қаңтар қырғынында қару-жарақ ұрлағандар сотталды

ERNUR.KZ. Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгінде Алматы соттарына 46 іс түскен, оның 28-і қаралып жатыр, 18-не үкім шықты.

«Бүгін сот шешімімен екі адам қару-жарақ дүкенін тонады деп танылып, бес жылға (әрқайсысы) бас бостандығынан айырылды»,- хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаған кінәлілер түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, олардан материалдық шығын өндіріліп жатыр.