"Аллаһ Акбар де!" - Күйеу баласын өлтірген боксшы туралы сұмдық дерек

0
899

Тіпті, оған "АллаҺ Акбар" деп айт деген. "Сонда ана дүниеде жақсы болады" деп сыбырлапты құлағына. Одан соң қайта жуынып, үйден шығып кеткен.


ERNUR.KZ. Қостанайда бокстан әлем чемпионы пышақ салып өлтірген адам оның туған күйеубаласы болып шықты. Боксшының анасы әлеуметтік желілердегі түрлі алып-қашпа сөздерден шаршап, өзінің шындығын жария етуді жөн көріпті. Ол күйеубаласының жақсы адам болғанын айтады. Ал баласы соңғы кездері діни теріс ағым жолына түскен, деп жазады zakon.kz.

"Сека (күйеубаласы) қызымды алақанына салып ұстады. Отбасымыз тату-тәтті болатын. Арамызда ешқандай кілтипан болған емес. Күйеубаламның кәсібі болды. Тіпті, Колумбияда жүрген қайынағасына (боксшыға) ақшалай да көмектескен. Бірақ онысын ешкімге тіс жарып айтқан емес", - дейді анасы Зәуре Төлеубайқызы.

Ал қайғылы оқиғаға марқұмның әйелі, спортшы жігіттің қарындасы Ақжан куә болған. Оның айтуынша, ағасы үйге таңертең келген. Күйеубаласы есік ашып, қайтадан төсегіне жатып қалған. Бұл кезде боксшы жуынып-шайынып, таза киімін киіп ұйықтап жатқан күйеубаласына келіп, жонына пышақ салған. Тіпті, оған "АллаҺ Акбар" деп айт деген. Сонда ана дүниеде жақсы болады деп сыбырлапты құлағына. Одан соң қайта жуынып, үйден шығып кеткен.

"Әрине, кім баласын жамандыққа қияды. Оған біреулер әсер етті. Осыншалықты өзгеріп кеткенін білгенде қол-аяғын байлап ұстаушы едім, қайдан білейін», - деп жылайды ана.

Ананың айтуынша, баласы шетелге барып-келгелі өзгерген. Бір сөзінде баласы күйеубалаңыз намаз оқыса, көрген күні бұдан да жақсы болар еді деп айтыпты.

Майамиден Аслан Колумбияға кетеді. Бокстасамын деп. Бірақ ол жақта қаржылай қиындыққа тап келеді. Сол кезде ол венесуалық босқындармен бірге тұруға мәжбүр болыпты. Одан бәрін тастап спортшы жігіт Майкаоға жаяу тартпақшы болады. Сөйтсе ол арада ливандықтар көп тұрады екен теріс ағымдағы. Қолындағы телефонын да сатқан. Ақыры түгі қалмағанда ол биыл 26 маусымда Қазақстанға оралған.

"Ол күлмейтін болыпты. Сөйлессін деп қолына телефон бергенбіз. Соған кіріп кететін. Ешкіммен сөйлескісі жоқ болатын. Бір күні үш минуттан соң жарық өшеді деді. Расында солай болды. Мүмкін бұл сәйкестік шығар, бірақ ол одан бір нышан іздеді. Сөйтіп өзі бет бұрған дініне тіптен тереңдей түсті. Үйден таңертең кетіп қалатын, кешке келетін. Білмейміз қайда баратынын. Біз депрессияда жүр деп ойладық. Демалсын, уақыт емдейді дедік. Арты бұлай боларын қайдан білейік", - деді қайғы жұтқан ана.

Айта кетсек, 11 шілдеде Қостанай облысы Ақсай ауылында өте ауыр қылмыс жасалды. 31 жастағы ер адам 32 жастағы туысқанын пышақтап тастаған. Ауыр жарақаттан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмған. Қаскөй бокстан әлем чемпионы, жуырда ғана Отанына оралған спортшы Аслан Мұқанов болып шыққан. Ол кәсіби рингте 7 рет кездесу өткізіп, оның алтауын жеңіспен аяқтаған.