Қазіргі кезде қыз бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы қаласының Полиция департаменті қаладағы лицейлердің бірінде оқушының суицид жасамақ болғаны туралы мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция өкілдері лицейлердің бірінде оқушының өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны және жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.
«Аталмыш дерек бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша бұған ата-анасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Жағдайлар мен себептер анықталуда. Қыз ауруханада жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлады қалалық ПД өкілдері.