Алматы маңында жер сілкінді

0
2 493

Қала тұрғындарының кейбірі жер асты дүмпулерін сезген.


Алматы маңында жер сілкінді

ERNUR.KZ. ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында сағат 7:13-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 95 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Дүмпулер қанша баллға сезілгені (МЅК-64 шкаласы бойынша) туралы мәлімет жоқ.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7.
MPV магнитудасы 4.9.
Эпицентрдің координаттары солтүстік ендік бойынша 42.73 градус және шығыс бойлықта 77.89.
Тереңдігі 5 шақырым.

Алайда алматылықтардың кейбірі жер асты дүмпулерін сезгенін мәлімдеді.

"Мен Жароков көшесі мен әл-Фараби даңғылының қиылысында тұрамын. Сілкіністен күрт ояндым. Бір рет қатты сезілді. Мен үлкен жүк көлігі өткен шығар десем. Кейде олардан жер дірілдейді емес пе. Қорқып кеттім", - дейді алматылық қыз.