Алматы маңында жер сілкінісі болды

0
2 373

Табиғи құбылыс қанша балл болып сезілгені туралы мәлімет жоқ.


Алматы маңында жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жер сілкінісі Алматыдан 65 шақырым жерде болды, деп жазады Tengrinews.kz.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық станциялар желісі 9 қаңтарда сағат 9.18-де жер сілкінісін тіркеді. Дүмпулердің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Магнитудасы - 4.3. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 5 шақырым қашықтықта жатыр. Табиғи құбылыс қанша балл болып сезілгені туралы мәлімет жоқ.