11адам ауруханаға жеткізіліп, 1 адам қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Алматы маңында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 36 жастағы ер адам қаза тапты. Сонымен қатар 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Stan.kz.
Аймақ полициясының мәліметінше, жолаушылар автобусының қатысқан жол апаты Жамбыл ауданындағы Жаңақұрылыс ауылында 21 маусымға қараған түні болған.
Анықталғандай Van Hool маркалы автобустың 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек тас жолының 55 шақырымында тізгінге ие бола алмай, КамАЗ көлігімен соғылған.
"Жол апатынан автобустың екінші жүргізушісі 36 жастағы ер адам мерт болды. Жақын маңдағы үш медициналық мекемеге түрлі жарақат алған 11 адам жеткізілді, олардың біреуі бала", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Қазір анықтау басқармасы қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр.