ТЖД баспасөз қызметі зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ екенін хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматы облысының Панфилов ауданында қуатты сел жүрді. Оқиға сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп жазады Stan.kz.
"Сұмдық көрініс", "Бұл жыл сайын болады, таңғалатын жайт емес", "Неге дүрбелең саласыздар, бастысы - адамдар тірі және сау, бұл табиғи құбылыс", - деп жазады олар түсініктемелерде.
ТЖД баспасөз қызметі зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ екенін хабарлады.
9 маусымда Жетісу Алатау жотасының оңтүстік беткейінің орта таулы бөлігінде сел тасқыны жүрді. Бұған қатты жауын-шашын себеп болды. Өңірде жаңбыр мен бұршақ жауды.
Лас су ағындары Ақжазық ауылының маңындағы жолға қарай ағылды. Енді автомобильдер жол бойымен штаттық режимде өтеді. Су тасқыны елді мекендерге қауіп төндірмейді, деп хабарлады ТЖД.