Қоймада құрылыс материалдары жанған.
ТЖМ Алматы облысында қойма өртенгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді.
«Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануы орын алды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген ақпаратта.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.