Алматы облысында полицей әріптесін жарақаттады

0
383

​Табельдік қарудан атылған оқ жамбасын жаралаған учаскелік инспектор ауруханаға жатқызылды.


Алматы облысында полицей әріптесін жарақаттады

ERNUR.KZ. Алматы облысында әріптесімен жанжалдасып қалған полиция қызметкері оқ жарақатын алды, деп жазады sputniknews.kz.

27 сәуірде түн ортасында Райымбек ауданында аудандық ішкі істер органдарының екі қызметкері арасында тұрмыстық жанжал болды.

"Салдарынан олардың бірі табельдік қару қолданған. Учаскелік инспектор жамбасынан оқ жарақатын алып, Нарынқол ауылының ауруханасына жатқызылды. Не жағдай болғанын тексеру үшін оқиға орнына бардық. Нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталды", - деп жазды Серік Күдебаев.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, қызметтегі кемшіліктері және жеке құрамға бақылауды әлсіреткені үшін аудандық полиция бөлімі басшысының сыртқы қызметтерге жауапты бірінші орынбасары қызметінен босатылды.


"Әріптесімен жанжалдасқан қызметкерлер жұмыстан шығарылып, бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазды ол.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық.

Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы заң мен тәртіпті сақтау бойынша жан-жақты шаралар қабылдайды, деп толықтырды өңір полициясының бастығы.