Алматы облысында шетелдіктің мектеп оқушысына шабуыл жасағаны видеоға түсіп қалды

0
724

Жергілікті тұрғын 12 жастағы қызына белгісіз ер адамның шабуыл жасағанын айтып, шағым түсірген.


Алматы облысында шетелдіктің мектеп оқушысына шабуыл жасағаны видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қаскелең қаласында мектеп оқушысын тонамақшы болған Өзбекстан азаматы тұтқындалды. Ол оқушыға екі рет шабуыл жасаған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Жергілікті тұрғын 12 жастағы қызына белгісіз ер адамның шабуыл жасағанын айтып, шағым түсірген.

Полиция департаментінде оқиғаның 16 қарашада Қаскелеңдегі Қарасай батыр көшесінде болғанын мәлімдеді.

"Тергеу барысында кәмелеттік жасқа толмаған қыз мектепке бара жатқанында ер адамның қуып келіп, ақша сұрағанын айтты. Алайда қыз қашып құтылған. Аялдаманың жанында ер адам екінші рет шабуыл жасады. Оқушының капюшынан ұстап, күштеп орындыққа отырғызған. Осы кезде көмекке бірнеше адам келген, бірақ ер адам оқиға орнынан қашуға тырысқан", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер күдіктіні анықтап, тұтқындаған. Ол 39 жастағы Өзбекстан азаматы екені анықталды. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлімі және 191-бабы 2-бөлімі бойынша тергеу басталды.

"Тергеу барысында қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның-мән жайы анықталып жатыр", - деп қосты полицейлер.

Сонымен қатар полицияға Өзбекстан азаматының Қазақстан аумағында заңсыз жүргені жайлы хабарланды. Осыған байланысты әкімшілік сот күдіктіні 30 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.