Алматы облысында судья пара алды деген күдікке ілінді

0
645

Судья өзі шығарған шешімді апелляциялық сатыда күшінде қалдыруы керек болған.


Алматы облысында судья пара алды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Күдікті параны қайтарып жатқан кезде ұсталған. Алматы облысында судья пара алды деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгін (20 желтоқсан – inbusiness.kz) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Алматы облысы экономикалық соты судьясының кабинетінде тінту жүргізген. Қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабы бойынша, басқа ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған Жоғарғы сот таратқан хабарламада.

"Время" газетінің ақпаратына сәйкес, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Түменбаев ЖШС басшысынан 1,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Осылайша, судья өзі шығарған шешімді апелляциялық сатыда күшінде қалдыруы керек болған. Алайда судья уәдесін орындай алған жоқ.

"Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының биыл 8 қазанда қабылдаған шешімнің күшін жойып, жаңа шешім шығарған. Оған сәйкес, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "GoodZhem" ЖШС-нің "ЖК "Қараой" ЖШС-нің жауапкеріне соманы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс жаңа сот қарауына жіберілген", - деп жазылған облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.