Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды

0
591

4 адам қаза тапты. Желіде оқиға орнынан видео жарияланды.


Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Кеген ауданында оқыс оқиға болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Желіде оқиға орнынан видео жарияланды. Кадр сыртындағы дауыс көлік асудан ұшып кеткенін айтады.

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, 20 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданындағы Кеген-Ақсай-Көкпек тасжолының бойында Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant маркалы екі көлік жол апатына ұшыраған.

Апат салдарынан Hyundai Santamo маркалы автокөлік жүргізушісі және оның үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған.

"Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Кеген ауданының ПБ ЕҚДБ-да тіркелді. Соталды тергеп-тексеру жүргізу Алматы облысы ПД Анықтау басқармасының анықтаушыларына тапсырылды", - делінген облыстық полиция хабарламасында.

Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облыстық Полиция департаментінде бақылауға алынды.