​Алматы облысында жасөспірім баланы пышақтап өлтіріп кетті

0
1 503

Қазір күдікті ретінде қайтыс болған баланың танысы қамауға алынды.


​Алматы облысында жасөспірім баланы пышақтап өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысында 2001 жылғы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға Қарасай ауданында болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Кісі өлімімен аяқталған жағдай 20 қаңтар күні тіркелген. Қазір күдікті ретінде қайтыс болған баланың танысы қамауға алынды. Аталған фактіні облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Оқиғаны растаймыз. Қазір осы фактіге орай ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді аталған ведомства қызметінен.

Айта кету керек, ұсталған күдікті 2000 жылы туған. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.