Шетелдік неміс көлігі жанып кеткен.
ERNUR.KZ. Алматы облысында теміржол өткелінде жүк пойызы салонында төрт адам бар Audi көлігін қағып кетті. Зардап шеккендер бар, деп жазады Stan.kz.
Шетелдік неміс көлігі жанып кеткен.
Облыстық полиция Іле ауданындағы Еңбек-Құйған тас жолының бойындағы теміржол өткелінде жүк пойызы мен жеңіл автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алғанын хабарлады.
"Соқтығыс кезінде "Audi 100" көлігі өртеніп, оның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көліктің тағы үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.