Ерғали Сыдыманов өзінің алғашқы жұмыс күнінде Талдықорған тұрғындарымен кездескен болатын.
ERNUR.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов айтқан сөздері үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Ерғали Сыдыманов Instagram-да Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлымен болған тікелей эфирде мәлімдеме жасады.
"Шынымен бір жерде шалыс бассам, тағы да кешірім сұраймын. Қалай болғанда да, мен халықтың ұлымын және өзімді әрқашан осы халықтың бір бөлігі ретінде санадым. Менің қатемнен кейін әріптестерім мен басқа мемлекеттік орган басшылары осы жағдайды назарға алып, сөйлер алдында ойланады деп ойлаймын", - деді Ерғали Сыдыманов.
Еске салайық, Ерғали Сыдыманов өзінің алғашқы жұмыс күнінде Талдықорған тұрғындарымен кездескен болатын. Шенеуніктің айтқан дөрекі сөзін тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған еді.