Алматы полициясы көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады

0
691

Жәбірленуші оқиға туралы әлеуметтік желіде жазды.


Алматы полициясы көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады

ERNUR.KZ. Алматы полициясы көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Жәбірленуші оқиға туралы әлеуметтік желіде жазды. Ол шабуыл Алматы қаласында үйінен алыс емес жерде болғанын, танымайтын ер адам еш себепсіз басынан ұрып, қасын кесіп тастағанын айтқан.

"Мен бірден полицияға хабарластым. Полицияда 10 адам бір сұрақты қойды. Олар оның себепсіз шабуыл жасағанын, ештеңе ұрламағанын түсінбейді. "Күдікті адам жергілікті емес, басқа қалаға кетіп қалды" деген болжам жасап үлгерді. Олар оны іздегісі келмейтіні көрініп тұр. Мен тірі қалғандықтан бәрі жақсы деп ойлаған болулары керек", - деп жазды ол.

Полиция күдікті ұсталғанын хабарлады. Ол 1986 жылы туған Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді негізсіз ұрып-соққанын мойындап, істеген әрекетін түсіндіріп бере алмаған.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеліп жатыр.