Бұған дейін стендап-комик Twitter-парақшасында әйелдерге қатысты ойға қонымсыз жазбалар жариялаған.
ERNUR.KZ. Желіде Алматыдағы барлардың бірінде стендапер қыздарды жезөкшелер деп айыптаған видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.
Алматыдағы барлардың бірінде стендапер қыздарды жезөкшелер деп айыптап, оларды кемсітті. Оқиға орнынан видео Kozachkov offside Telegram-арнасында пайда болды.
Видеода ол қыздарды келемеждеп, сұрақтарына дұрыс жауап бермей, "сенің анаң да жезөкше, басың дұрыс істемей ме?" дейді.
Бұған дейін стендап-комик Twitter-парақшасында әйелдерге қатысты ойға қонымсыз жазбалар жариялаған. Тіпті бір қызға "жезөкшесің" деп жауап берді. Ал қазір оның парақшасы бұғатталған.
Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
"Алматы полиция Департаменті қазір бұл іске қатысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша істің мән-жайын анықтап, ҚР заңнамасына сәйкес шешім қабылданатынын хабарлайды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", - делінген хабараламада.